«Білім жүгін арқалап,биікке самаға жас талап» атты онкүндік өтілді. » Дихан – Қайрат орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дихан – Қайрат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім жүгін арқалап,биікке самаға жас талап» атты онкүндік өтілді.
15
декабрь
2022

«Білім жүгін арқалап,биікке самаға жас талап» атты онкүндік өтілді.

                                                                              Анықтама


            06-16.12 аралығында «Білім жүгін арқалап,биікке самаға жас талап» атты онкүндік өтілді.

Онкүндіктің мақсаты:

  • Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың физика, информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын, білімдерін тереңдету;
  • Физика және информатика  сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;

Апталықтың міндеттері:

  • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
  • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу;
  • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату;


Жоспар құрылып, бекітілді.07.12 күні Акт залында ашылу салтанатына «Білім жүгін арқалап,биікке самға жас талап» атты іс-шара өтілді. Осы іс –шараға 6 а сынып оқушылары белсене қатысты.8 желтоқсан күні информатика пәнінің мұғалімі Иманалиева Г 2 а сыныбымен  «Қолжетімді ақпараттың негізінде мәліметтерді талдау», 9 желтоқсан күні математика пәнінің мұғалімі Жарбасова А  6 а сыныбымен «Жақшаларды ашу.Коэффициент.Ұқсас қосылғыштар.Ұқсаса қосылғыштарды біріктіру»,  12 желтоқсан күні математика пәнінің мұғалімі Боранбаева А 5ә сыныбымен «Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту» тақырыбында үлгілі сабақ өтті Үлгілі сабақтарға  мұғалімдер қатысып, сабаққа  талдау жасады. Әр мұғалімге сабақта кеткен кемшіліктер ескертілді.Қабілетті оқушымен жұмыс жүргізу мақсатында14 желтоқсан күні математика пәнінің мұғалімі Затбаев А 7-8 сыныптар арасында «Қызық екен» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Бұл ойынға оқушылар белсене қатысты. Сыныптан тыс іс-шара жоғары дәрежеде өтті. 15 желтоқсан күні бірлестік мүшелері «Ең үздік сынып», «Ең үздік оқушы» 5-9 сыныптар арасында логикалық есептерді шығарудан конкурс ұйымдастырылды.Бұл конкурсқа 9 а сынып және 6 а сынып оқушылары белсене қатысты. Жабылуында оқушылар ғалымдар туралы жазған рефераттарын және қызықты есептер құрастырған газеттерін қорғады. Онкүндікке  белсене қатысқан оқушылар марапатталды.  


Мекен жайымыз
Панфилов ауданы, көшесі, үй

Маңызды ресурстар
  • Президент
  • Білім және ғылым министрлігі
  • "b-title">"Tilqural.kz"Қазақ тілін үйрену "b-title">"Abai.institute" "b-title"Tilmediya .kz". "b-title"Balatili.kz". "b-title"Emle.kz"Сөздік қорды байыту "b-title"Termincom.kz" "b-title"Sozdikqor.kz" "b-title"Qazcorpora.kz" "b-title"Qujat.kz"<Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру "b-title"Atau.kz"Жер -су атаулары "b-title"Qazlatyn.kz"Еліміздегі латын графикасына көшу "b-title"Tilalemi.kz"Тіл саласы
  • Электрондық үкімет
©2016-2022, Ресми сайт Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің "Дихан – Қайрат орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru