Әдістемелік кеңестің хаттамасы №3 2022-2023 оқу жылы » Дихан – Қайрат орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дихан – Қайрат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдістемелік кеңестің хаттамасы №3 2022-2023 оқу жылы
23
декабрь
2022

Әдістемелік кеңестің хаттамасы №3 2022-2023 оқу жылы

Дихан – Қайрат ауылындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әдістемелік кеңес хаттамасы

      №3      2022 жылғы "23  желтоқсан                                                                            Әдістемелік кеңестің төрайымы:   Б.Ж.Көбенбаева                                                                                     Хатшы: Мансурова М

       Қатысқандар:

Мектеп директоры:  А.Н.Турапбеков  

Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Г.А.Жумабаева

Кітапханашы: И.П.Розиева

Мұғалімдер : 51

       Күн тәртібі 

1.Мектепішілік пән олимпиадаларын ұйымдастыру

2. «Жылдам оқу техникасын жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстар»

3. Инклюзивті білім беру-барлық білім алушылардың негізгі білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыратынсапалы білім алу құқығына негізделген оқыту нысаны                                                                                                             

Отырыс барысы 

Бірінші  мәселе Мектепішілік пән олимпиадаларын ұйымдастыру .                                                                Қараша айында 5-6 сыныптар арасынада мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырылып әр пән бойынша нәтижесі шығарылып,аудандық пән олимпиадасына баратын оқушылар анықталды.

5-6 сыныптар арасында аудандық пән олимпиадасына  қатысқан барлық оқушылар  саны  7

Жүлделі орынға ие болған оқушылар: 

5 сынып Розыбакиев Р ІІ орын

6 сынып Нурмухаметова Д ІІІ орын

8-11 сыныптар арасында мектепішілік пән олимпиадасы ұйымдастырылып,төмендегі оқушылар аудандық пән олимпиадасына жолдама алды:

қазақ тілі: Қабдулла Ж 9 сынып

қазақ тілі ұлт сыныптары :Камбарова Т 10 сынып;Имаржанова А 9сынып

биология:Әбілқазы А 9сынып; Султанова Г 11 сынып

тарих Аркинова Ш 10 сыгнып

құқық   Букабаев Ш 10 сынып

орыс тілі Мухаметова Р 9 сынып 

география Акимова Ш 9 сынып

химия Ахметова М 10 сынып

ағылшын Шаудинова С 9 сынып

информатика Қасен А 9 сынып


Екінші мәселе бойынша   бастауыш сынып мұғалімі Семятова Венера «Жылдам оқу техникасын жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстар» тақырыбына тоқталып тез оқу әдістемесі немесе техникасы дегеніміз не және не үшін қажет? Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар  тақырыпты жай асықпай оқу  пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты.Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі – жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.

Шапшаң оқуға балаларды 1сыныптан бастап баулу керек. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде  баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды.

  Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек.

Баланы тез оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады. Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді.

Қазіргі кезде 2-сынып мұғалімі ретінде осы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, нәтижелі жетістіктерге жетіп отырғанымды айтқым келеді.

Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі- ұлттық ерекшеліктерді еске салып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп- соның бастауы. Педагогика ғылым ретінде өте күрделі. Оның күрделілігі-жүз мыңдаған компоненттерден бас қатырарлықтай шиеленісе байланысып жатуында. Ал, оның жауапкершілік өлшемі – Адам!

Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше, құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын және жауапты жұмыс. Біздің мақсатымыз- баланы оқыта отырып жан-жақты тәрбиелеу. Оқушылардың оқу шапшаңдығын арттыру үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта жоғарыда келтірілгендей әртүрлі әдіс-тәсәлдерді қолдануға болады. Ұстаз әрбір сабағында шәкіртін таң қалдыруды ұмытпаған жөн.

Үшінші мәселе бойынша география пәні мұғалімі Мансурова Махаббат Акимжановна  өз сөзінде қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.«Білім туралы» Қ.Р-ның Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;". Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-

қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.

2. Сөз сөйлегендер: 

1.Бастауыш сынып мұғалімі Бұлбұл Ақжарқынова  бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше, құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын және жауапты жұмыс. Біздің мақсатымыз- баланы оқыта отырып жан-жақты тәрбиелеу. Оқушылардың оқу шапшаңдығын арттыру үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта  әртүрлі әдіс-тәсәлдерді қолдануға болады. Ұстаз әрбір сабағында шәкіртін таң қалдыруды ұмытпаған жөн. « Дарындылыққа ұмтылу таң қалудан басталады» демекпін. Сонымен бірге, ұлы ғұлама Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деген. Олай болса, білім беру, білім бере отырып тәрбие беруді әрбір ұстаз жадында ұстауы жөн!


   3. Қаулы етеді: 

  1. 8-11 сыныптар арасында аудандық пән олимпиадасына жолдама алған оқушылармен дайындық жұмыстары жалғастырылсын.
  2. Бастауыш сыныптар арасында жылдам оқу техникасын жетілдіру бойынша  жүйелі жүргізілсін



Әдістемелік кеңестің төрайымы                  Көбенбаева Баян Жайлаубайқызы                      

Хатшы:                        Мансурова М.А






Мекен жайымыз
Панфилов ауданы, көшесі, үй

Маңызды ресурстар
  • Президент
  • Білім және ғылым министрлігі
  • "b-title">"Tilqural.kz"Қазақ тілін үйрену "b-title">"Abai.institute" "b-title"Tilmediya .kz". "b-title"Balatili.kz". "b-title"Emle.kz"Сөздік қорды байыту "b-title"Termincom.kz" "b-title"Sozdikqor.kz" "b-title"Qazcorpora.kz" "b-title"Qujat.kz"<Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру "b-title"Atau.kz"Жер -су атаулары "b-title"Qazlatyn.kz"Еліміздегі латын графикасына көшу "b-title"Tilalemi.kz"Тіл саласы
  • Электрондық үкімет
©2016-2022, Ресми сайт Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің "Дихан – Қайрат орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru