Лессон стади зерттеу тобының математика пәні бойынша өтілген сабаққа рефлексивтік есеп » Дихан – Қайрат орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дихан – Қайрат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лессон стади зерттеу тобының математика пәні бойынша өтілген сабаққа рефлексивтік есеп
07
апрель
2023

Лессон стади зерттеу тобының математика пәні бойынша өтілген сабаққа рефлексивтік есеп

Лессон стади  зерттеу тобының математика пәні бойынша 

                     өтілген сабаққа рефлексивтік есеп 


Мен математика пәнінің мұғалімі Жарбасова А.Т. ЛЕССОН СТАДИ сабақтар топтамасының №3 зерттеу сабағын 07.04.2023 жылы өттім.. Зерттеудің мақсаты –  оқушылардың талдау жасау дағдыларын қалыптастыруда ашық сұрақтардың әсері қандай? №399 бұйрықты негізге ала отырып, ұзақ мерзімді жоспардың ІY тоқсанындағы «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері:аналитикалық, кестелік,графиктік тәсіл» тақырыбы  6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу-оқу мақсатына сай қысқа мерзімді сабақ жоспарын топ мүшелерімен бірлесе отырып құрдық. Жоғарыда аталған сабақты «Математика» пәні бойынша 6 «а» сыныбымен  7 сәуір күні өттім. Бұл сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары -6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдерін білу.Сабаққа қойылатын жалпы мақсат-А,В,С деңгейіндегі оқушыларға ашық сұрақ қою дағдысын дамыту.Сыныпқа кіріп ,амандасып алған соң ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін  «Өзіңе тілегенді, өзгеге тіле» әдісін қолдандым. Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді,бауырмалдығын оятады.Оқушыларға өзін-өзі бағалау парақтары таратылды ( «Қуаттағыш» әдісі).  Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға ала отырып,оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады демекші –сабақтың басында  оқушылардан «Мен саған,сен маған» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді. А,В,С деңгейіндегі оқушылар үй жұмысын қатесіз орындаған.Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Айналмалы бекет» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойдым. 

Оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы ынталандырып отырдым..                                                                 А,С деңгейіндегі оқушылар сұраққа толық жауап бере алмады. Келесі тапсырмада оқушылар арақашықтықтың уақытқа тәуелділік формуласын жазып және кестені толтырды.Бұл тапсырманы А деңгейіндегі оқушы тақтада орындады. Тапсырыманы орындау барысында қате жіберді. Одан әрі «Шыбынды ұру» әдісі арқылы оқушылар шамалардың арасындағы тәуелділік формулаларын табу тапсырмасы болды. Оқушылар бұл тапсырманы аса қызығушылықпен орындады.С деңгейіндегі оқушы формулаларды дұрыс тапты.

Сергіту сәтінде «Қимыл жасау» әдісін қолдандым.Топтық жұмыста А,В деңгейіндегі оқушылар белсенді болды. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек  дегендей сабақта критерий арқылы өзін-өзі сабақ басталғанда таратылған бағалау парағына   өздерін бағалады.Осы бағалау арқылы өзінің білім деңгейі қаншалықты екендігін білді. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, ҚҚҚ әдісі арқылы сабақ жайында ойларын айтып өтті. Осы сабақтың нәтижесінде оқушылардың қызығушылықтары, белсенділіктері артты. 15 оқушының ешқайсысы менің назарымнан тыс немесе ескерілмей қалмады. Әрбіреуі ойларын айтуға немесе бір мәлімет болса да бөлісуге тырысты. Әр мұғалім өз сабағын   қызықты өту үшін іздену үстінде жүру қажет.Әр тапсырма оқушылардың есінде қалу үшін  сабақта қолданған әдіс-тәсілдер тиімді болды деп есептеймін.



Мекен жайымыз
Панфилов ауданы, көшесі, үй

Маңызды ресурстар
  • Президент
  • Білім және ғылым министрлігі
  • "b-title">"Tilqural.kz"Қазақ тілін үйрену "b-title">"Abai.institute" "b-title"Tilmediya .kz". "b-title"Balatili.kz". "b-title"Emle.kz"Сөздік қорды байыту "b-title"Termincom.kz" "b-title"Sozdikqor.kz" "b-title"Qazcorpora.kz" "b-title"Qujat.kz"<Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру "b-title"Atau.kz"Жер -су атаулары "b-title"Qazlatyn.kz"Еліміздегі латын графикасына көшу "b-title"Tilalemi.kz"Тіл саласы
  • Электрондық үкімет
©2016-2022, Ресми сайт Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің "Дихан – Қайрат орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru