«Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген «Тіл – халықтар достығының кілті» атты онкүндіктің қорытындысы туралы анықтама » Дихан – Қайрат орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дихан – Қайрат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген «Тіл – халықтар достығының кілті» атты онкүндіктің қорытындысы туралы анықтама
13
февраль
2023

«Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген «Тіл – халықтар достығының кілті» атты онкүндіктің қорытындысы туралы анықтама

«Дихан – Қайрат ауылындағы орта мектеп» КММ

«Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде Қазақстан халқы  тілдері күніне орай өткізілген «Тіл – халықтар достығының кілті» атты  онкүндіктің қорытындысы туралы анықтама

     Мектебімізде 5.09 – 16.09.2022ж аралығында қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі,ұйғыр тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – халықтар достығының кілті» тақырыбында онкүндік болып өтті.

Мақсаты: оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру.Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.Оқушылардың білім – біліктіліктерін арттыру,танымдық,ақпараттық құзіреттіліктерін қалыптастыру. 5.09 күні  мектеп кітапханашысы И.Розиева 5 – 11 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынов – зиялылар көсемі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. 6.09 күні қазақ тілі пән мұғалімдері Б.Баубекова,М.Шаймерденова 9 – 11 сынып оқушылары арасында «Қазақ тілінің мәртебесі өз дәрежесінде ме?» атты  дебат өткізді.Дебатта оқушылар қазақ тілінің мәртебесінің өткен жылдардағы және бүгінгі күндегі дәрежесін салыстырып талдау арқылы өз ойларын өрбітті.7.09 күні қазақ тілі,ағылшын тілі,орыс тілі,ұйғыр тілі пән мұғалімдері 3 – 4 сыныптар 5 – 6 сыныптар,7 – 8 сынптар арасында «Тіл – достықтың кепілі» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізді.Оқушылар байқауда қазақ тілі,орыс тілінен,ағылшын тілінен,ұйғыр тілінен өлеңдар жаттап сайысқа түсті. 4 тілде өлең жататған оқушылар жеке марапатталды.Байқауға  әр сыныптан 13 оқушы қатысты.Байқауға белсене қатысқан қазақ тілі бойынша Я.Есиркеева І орын,А.Аманжол ІІ орын,Р.Нежатов ІІІ   орын; орыс тілі бойынша А.Есиркеева І орын,Д.Нурмухаметова ІІ орын,П.Исраилов ІІІ орын; ағылшын тілі бойынша Д.Илякова І орын,Э. Асанова ІІ орын, А.Акимова ІІІ; ұйғыр тілі бойынша А.Акимова І орын, С.Имарова ІІ,Ш.Имарова,Р.Турганова ІІІ орынға ие болды.Пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8.09 күні «Тіл – асыл ойдың бұлағы» тақырыбында 7- 11 сынып оқушылары арасында 4 тілде өткізілген эссе байқауына оқушылар белсене қатысты.Әр сыныптан 22 оқушы қатысты.Қазақ тілі бойынша 8ә сынып оқушысы А.Акимова І орын, 11ә сынып оқушысы Г.Султанова,8ә сынып оқушылары И.Галипжанов,Л.Тохтахунова ІІ орын, 9ә сынып оқушысы Ш.Акимова, 8ә сынып оқушысы Ш.Заитова, 11ә сынып оқушысы А.Адылжан ІІІ орынға ие болды.9.09 күні информатика пәнінің мұғалімі Г.Иманалиева 5 – 11 сынып оқушылары арасында «Ахмет – ұлы ұстаз» тақырыбында бейнебаян көрсетіп, өмірбаянынан мағлұмат берді.Сонымен қатар 12.09 күні  1 – 11 сынып жетекшілері «Ахмет Байтұрсынов – қазақ тіл білімінің атасы» атты сынып сағаттарын өтті. Қазақ тілі пән мұғалімі Б.Баубекова 13.09 күні 5 -  8 сынып оқушыларымен «Ұлттың сақталуына да жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» тақырыбында танымдық сағат өткізді.Оқушылар танымдық сабақта қазақ тілінің шығу тарихымен және тіл туралы қызықты ақпаратпен танысты. 14.09 күні  ағылшын тілі пәні мұғалімі Ә.Манапова мен ұйғыр тілі пән мұғалімі Ғ.Исраиловтың  9 - 11 сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы» атты ұйымдастырған дөңгелек үстелге оқушылар белсене қатысты. 

15.09 күні  пән мұғалімдері Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырған «Тіл – халықтар достығының кілті» тақырыбындағы онкүндікті қорытындылап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.
































«Дихан – Қайрат ауылындағы орта мектеп» КММ

«Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінде  «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты  онкүндіктің ашылуына орай өткізілген лездемеге  анықтама


10.10.2022 ж Бірлестік жетекшісі мен пән мұғалімдері   онкүндіктің жоспарын талқылап,бектілді. 

11.10.2022 ж мектебімізде «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты онкүндіктің ашылуына  мұғалімдер,сынып жетекшілер,1 – 11 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру,таза сөйлеуге үйрету,өз ұлтына,еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету,қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Бірлестік жетекшісі Б.Баубекова оқушыларды «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» тақырыбындағы онкүндіктің жоспарымен таныстырды.Сонымен қатар 6 – 7 – 8 сыныптың оқушылары 2022 – 2023 оқу жылында атап өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге  шолу жасады.Атап айтсақ: 

1.Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл;

2.Дулат Бабатайұлының туғанына – 220 жыл;

3.Ахмет Байтұрсын

ұлының туғанына – 150 жыл;

4.Мұхтар Әуезовтың туғанына – 125 жыл;

5.Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 120 жыл;

6.Ғабит Мүсіреповтың туғанына – 120 жыл;

7.Мәншүк Мәметованың туғанына – 110 жыл;

8.Зейін Шашкиннің туғанына – 110 жыл;

9.Жұмағали Саиннің туғанына – 110 жыл;

10.Әзілхан Нұршайықтың туғанына – 100 жыл;

11.Сырбай Мәуленовтың туғанына – 100 жыл;

12.Сафуан Шаймерденовтың туғанына – 100 жыл;

13.Зейнолла Қабдоловтың туғанына туғанына – 95 жыл;

14.Шерхан Муртазаның туғанына – 90 жыл;

15.Дүкенбай Досжановтың туғанына – 80 жыл;

16.Дулат Исабековтың туғанына – 80 жыл;

17.Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл.


Сондай – ақ оқушылар «Халықтың қазынасы – тілі» тақырыбында бейнебаян көріп,өз ой – пікірлерін білдірді.


                                       Лездеме

Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар,оқушылар!

Бүгінгі «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігін ашық деп жариялаймыз.

Тамырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Жебеп тұрар,демеп тұрар арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және туған тарихы,еске алуға қаншама.

Төрт анаға жағдай жасай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған.

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған,

Қасиетті бұл төрт ана тағдырының тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес күрестердің ұлысы – деп, Мұхтар Шаханов жырлағандай,халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.Тіл – халықтың жаны,сәні.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Ендеше,тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.Тіл мрекесі,тіл салтанаты,тіл қуанышы құтты болсын!

        «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты «Заңғар» қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндік іс – шарасымен таныстыру үшін бірлестік жетекшісі Баубекова Бақыт апайға сөз беріледі.

Бірлестік жетекшісі жоспармен оқушыларды таныстырады.

Жүргізуші: «Жүзі басқа болса да жүрегі бір,тілі басқа болса да тілегі бір,атасы басқа болса да Отаны бір» қаншама ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз,көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз,мақтанышымыз.

  • Сүйемін туған тілді,ана тілді,

Бесікте жатқанда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлаған ана тілі – қазақ тілі біздің бойымызға сіңгені анық.Әр халықтың өз ана тілі болады,сол арқылы өзінің ұлттық ерекшелігін,мемлекеттік беріктігін көрсете алады.Егер тілі болмаса мемлекет,ел болуы мүмкін емес.Сондықтан елдігіміздің кілті тілімізді құрып кетуден сақтайық.Тіліміздің сақталуына үлес қосқан алаш азаматтарын еске алу мақсатында  2022 – 2023 оқу жылында аталып өтетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударыңыздар! (Оқушылар мерейтой иелері туралы мағлұмат береді)

   Тіл – адамның адамдық белгісін жұмсайтын қаруының бірі.Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып,сөйлеуден қалса қандай қиындық күйге түсер еді.Осы күндері тіліміз өркендеп келеді.Сол ана тілімізді қастерлеу – біздің міндетіміз. Ендеше, «Халықтың қазынасы – тілі» атты бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз! (оқушылар бейнебаян көріп,өз пікірлерін білдіреді)

Г.Гегель: «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» Тіл тағдыры шешуін тауып отыр.Тілге ерекше құрмет жасалуда.Тілдер мрекесіне арналып түрлі іс – шаралар өтуде.

       Жақсы сөзді жанына азық етіп,қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтап,орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрді.Тіл өнерін қадірлеп,құрметтеген.Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

Мекен жайымыз
Панфилов ауданы, көшесі, үй

Маңызды ресурстар
  • Президент
  • Білім және ғылым министрлігі
  • "b-title">"Tilqural.kz"Қазақ тілін үйрену "b-title">"Abai.institute" "b-title"Tilmediya .kz". "b-title"Balatili.kz". "b-title"Emle.kz"Сөздік қорды байыту "b-title"Termincom.kz" "b-title"Sozdikqor.kz" "b-title"Qazcorpora.kz" "b-title"Qujat.kz"<Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру "b-title"Atau.kz"Жер -су атаулары "b-title"Qazlatyn.kz"Еліміздегі латын графикасына көшу "b-title"Tilalemi.kz"Тіл саласы
  • Электрондық үкімет
©2016-2022, Ресми сайт Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің "Дихан – Қайрат орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru