Қыз тәрбиесі,ұлт тәрбиесі » Дихан – Қайрат орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дихан – Қайрат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қыз тәрбиесі,ұлт тәрбиесі
10
январь
2024

Қыз тәрбиесі,ұлт тәрбиесі

«Дихан-Қайрат ауылындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


 «Қыз тәрбиесі,ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздармен жүргізілген  жұмыстың анықтамасы


уақыты: 10.01.2024ж

сынып: 6-11 

сынып қыздары-79қатысқандар:

 мектеп медбикесі

 мектеп психологы

Мақсаты:Қыз балаларды нәзіктікке баулу,отбасындағы алатын орты,ептілік пен шеберлік қалыптастыру,жеке бас гигенасы,мектеп формасы,тазалықтарын  ұстануы


Күн тәртібі 

 1.Тазалық денсаулық кепілі. Мектеп медбикесі М.Дүйсенбиева

 2..Қыз балалардың мінез-құлқы. Мектеп психологы А.Рысбаева

 3. Қыз тәрбиесі,ұлт тәрбиесі  қыздар кеңесінің  жетекшісі С.Таипова


 Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қыздар кеңесінің төрайымы  Таипова С сөз алды.


    Мектептің ішкі ережесіне бағынуды және формаға және тазалыққа мән беруді айтып өтті.

Тыңдалды. 

    Күн тәртібіндегі екінші мәселе мектеп медбикесі М.Дүйсенбиева «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды. Медбике өз сөзінде адамның денсаулығы- қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығы ның мықты  болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Халқымыздың «Дені саудың - жаны сау»  деп орынды айтқан.Отанымыздың келешегі, көркеюі-

салауатты өмір салтын сақтап қолдану.


Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады.

Көп қызыл гулдің ішінде бір ақ гул көрсең, көзің соған түседі.Біздің де өмірі

мізде жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық- денсаулық.Денсаулық-бұл адамның еңбекке белсенді болу, әрі ұзақ өмір сүруі,тәннің саулығын  және рухани саулығын сезіну.

Жеке  бас тазалығының ережелері:

    Күнделікті бір уақытта тұр,бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса. Ертең ерте тісіңді тазалап, беті қолыңды, мойның

мен құлағыңды жу.Ұйықтар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алуды ұмытпа.«Денсаулық-баға жетпес байлық» -бұл жалғыз асыл дұние.Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш жігерді, не еңбекті,тіптен барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

«Денсаулық –зор байлық» дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттарын қыздарға түсіндіріп 

өз сөзін аяқтады.

Мектеп психологы А.Рысбаева  Қыз балалардың мінез-құлқы салмақты,кішіпейіл,нәзік болуы керек.Қандай орта болмасын өздерін жақсы ұстап жүрсе ,әрқашан сыйлы болатыны жайлы өз ойын айтты.

Өздерін мазалап жүрген нәрселерін жеткізе алмаса сенім жәшігі бар екенін айтты.

Қыздар жетекшісі Таипова С -қыз баланың орны,тыйм сөздер,мақал-мәтелдердің мағынасын ,сұрақ-жауап алды. 

Ұсыныс :

  1. Қыздарға аптасына жеке басының гигиенасын бір рет тексерілсін.
  2. Мектеп ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтасын.
  3. Оқушы қыздардың жетекшілер тарапынан қыздар гигиенасы туралы түсіндіру жұмыстарын жандандырылсын.
  4. Қыздарға жақсы мен жаман мінездерді ажырата білуді меңгертуді қолға алынсын.

 




педагог-психолог         А.Рысбаева

Похожие публикации:

08 сентябрь 2023 Қыздар жиналысы
08 сентябрь 2023 қыздармен жұмыс
08 сентябрь 2023 қыздармен жұмыс
Мекен жайымыз
Панфилов ауданы, көшесі, үй

Маңызды ресурстар
  • Президент
  • Білім және ғылым министрлігі
  • "b-title">"Tilqural.kz"Қазақ тілін үйрену "b-title">"Abai.institute" "b-title"Tilmediya .kz". "b-title"Balatili.kz". "b-title"Emle.kz"Сөздік қорды байыту "b-title"Termincom.kz" "b-title"Sozdikqor.kz" "b-title"Qazcorpora.kz" "b-title"Qujat.kz"<Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру "b-title"Atau.kz"Жер -су атаулары "b-title"Qazlatyn.kz"Еліміздегі латын графикасына көшу "b-title"Tilalemi.kz"Тіл саласы
  • Электрондық үкімет
©2016-2022, Ресми сайт Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің "Дихан – Қайрат орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru