Кітапхананың жартыжылдық есебі » Дихан – Қайрат орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Дихан – Қайрат орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Кітапхананың жартыжылдық есебі
25
январь
2023

Кітапхананың жартыжылдық есебі

«Дихан-Қайрат ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының  2022-2023 оқу жылының

І жартыжылдық есебі


І. Кітапхананың негізгі қоры және оқулықтар қорымен жұмыс

Кітап қоры: Барлығы – 8666 дана

Оқулықтар-5581

Электронды оқулық-56

Дәптерлер-591

Әдеби кітаптар-2312

Әдестемелік құралдар-126

 

2022-2023 оқу жылында мектепте 1-11 сынып оқушылары -215. Барлық оқушылар 100% оқулықпен қамтамасыз етілді. 

Осы оқу жылында 2   сынып оқушыларына жаңадан оқулықтар   басылып шығып, оқушылар оқулықпен және дәптерлермен түгел қамтамасыз етілді.



ІІ. Мектеп кітапханасының І жартыжылдықтағы  негізгі көрсеткіштері




Оқырмандар құрамы



ІІІ. Кітапхананың ақпарат-библиографиялық және анықтамалық жұмыстары

     Жаңадан келіп түскен құралдарды педагог қызметкерлерге дер кезінде таныстыру мақсатында онлайн құлақтандыру жұмысы жүргізілді. 5 қыркүйек күні мектебіміздің «Дихан –Қайрат ұстаздары» чатына келіп түскен әдістемелік құралдар фотоға түсіріліп, қысқаша мағлұмат мұғалімдер назарына ұсынылды.


 


ІУ. Оқырмандарға қызмет көрсету

Жеке жұмыс Оқырмандармен тиімді және жан-жақты жұмыс жүргізу мақсатында жеке жұмыс жүргізілді. Кіші жастағы оқырман кітапханаға жазылған, оқыған кітабын өткізген кезде сұхбат жүргізіледі. Әр бір оқырманға кітап оқуға  ұсынылады.   Кітапханаға келіп түскен әдебиеттер бойынша мәлімет мектеп әкімшілігіне, пән мұғалімдеріне дер кезінде /  тамыз-қыркүйек  айларында/ ауызша хабар беріледі.

Топтық жұмыс Кітапханада «Кітапқұмар» үйірмесі жұмыс жүргізеді. Үйірмеге 5 а, 5ә   сынып оқушыларынан 10 оқушы қатысып отыр. Үйірменің мақсаты оқушыларды кітапқұмарлыққа баулу, кітап қорындағы салалық әдебиеттермен таныстыру және өз бетімен кітап оқып, басқалармен еркін ой бөлісуге үйрету.  

      Үйірме сабақтары апта сайын сәрсенбі күні сағат 9-00 өткізілді. Оқу жылының басында үйірменің жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.  Кітапханада «Кітапқұмар» үйірме мүшелерімен сабақтар белгіленген кесте бойынша жүргізіліп, балалардың шығармашылық жұмыстары «Кітапқұмар» бұрышында көрсетіледі. 

      Мектепте 12 қазан күні акт залында «Кітапқұмар» үйірмесінің қатысуымен «Қаршақыз» кітабы бойынша қойылым көрсетілді. Іс-шараға 1а,ә сынып оқушылары шақырылды. Қойылымның мақсаты оқушыларға «Қаршақыз» ертегісін сахнада көрсету арқылы кітап оқуға тарту, балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

 


Ү. Әдебиеттерді насихаттау бойынша көпшілік жұмыстар

      Кітапханада 1-11 сынып оқушыларымен кітаптарды насихататау, кітап оқуға тарту мақсатында көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып өтіледі. Іс-шаралар «Оқуға құштар мектеп» жобасын негізге алады.

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы 2020-2025 оқу жылдарына арналып, жоспары жазылып бекітілді.. Жобаның мақсаты Оқу мәртебесін, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, балалар мен жастардың мәдени және оқу құзыреттігін дамыту сондай –ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. 

Дихан-Қайрат ауылындағы орта мектебінде осы жобаны   іске асыру барысында сыныптарда «20 минут кітап  оқу» жүзеге асырылуда. Бұл жобаның сыныптар бойынша кітапханада кітап оқу кестесі, жоспары бекітілген. Жоба барысында 1 сынып оқушыларына 1 жартыжылдықта аудиокітаптарды тыңдату, рольмен оқып беру бойынша кітаптар таныстырлыды. Бастауыш сынып оқушыларына оқуға ертегі кітаптар ұсынылған. 

  

5-11 сынып оқушыларына қазақ әдебиеті туындылары және әлемдік әдебиеттер насихатталады. 

        Кітапханада 2022 жылы қазан айында «Ұлы дала әдебиетінің майталмандары» тақырыбындағы кітап көрмесі толықтырылып жаңаланды. Кітап көрмесінің мақсаты 2022-2023 оқу жылында аталып өтілетін әдебиет саласындағы мерейтой иелерінің шығармаларымен таныстыру

 

          Кітапханада 5 қыркүйек 2022 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Тарих. Тағылым. Тағдыр» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды. Кітап көрмесіндегі әдебиеттерді оқушыларға таныстыру, оқушыларға патриоттық тәрбие беру,кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында  5ә сынып оқушыларына жүргізілді.


   Мектеп кітапханасында 2022 жылы 18 қазан күні оқушыларды  кітапханамен таныстыру мақсатында «Кітапхана қаласына саяхат» тақырыбында саяхат   ұйымдастырылды. Іс-шара  барысында оқушыларға кітапханада кітаптар қай жерде тұрады, кітапханада кітап беру орны, оқу залы туралы түсінік берілді


  

Мектеп кітапханасында   2022 жылдың 28 қыркүйек күні ғалым – академік, жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай әдеби вернисаж ұйымдастырылды. 

             Іс -шараның мақсаты оқушыларға М.Әуезовтың шығармаларын таныстыру арқылы кітап оқуға қызығушылығын ояту. Кітапханашы жазушының шығармалық жолымен таныстырып өтті. 


  


   1 сынып оқушыларын  кітапханамен таныстыру мақсатында саяхат жасалды. Саяхатқа  1а,ә сынып оқушылары қатысты. Оларға кітап туралы түсінік берілді. Кітапты оқу ережесі, кітапхана ережесі туралы түсінік берілді. Кітаптардың түрлерімен таныстырылды.

Кітапханада 2022 жылы 2 желтоқсан күні 7 сынып оқушыларымен «Букгоспиталь» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс -шараның мақсаты оқушыларды кітапқа құрметпен қарауға үйрету, кітапқұмарлыққа баулу, кітапқа бірінші көмек көрсетуді үйрету.


25 қазан күні мектеп кітапханасында Республика күніне орай «Қыран елім Қазақстан» байқауы өтілді. Оқырмандар байқауының ережесі бойынша оқушылар Отан, Республика, Тіл туралы өлеңдерні манерлеп айтып берді

  

      Кітапханада 1 қараша 2022 жылы 5-6 сынып оқушыларымен «Әдеби жұлдыз» тақырыбында библиокафе ұйымдастырылды. Библиокафенің мақсаты оқушыларға әр түрлі тақырыптағы кітаптармен тансытыру арқылы кітап оқуға тарту. 

      Библиокафеге 3 үстел дайындалып: «Ұлттық тағамдар», «Десерттер», «Дәмдеушпен дайындалған тағамдар». Оқушылар тақырыпқа сай қойылған кітаптарға жарнама жасады.

 

           «Дихан-Қайрат ауылындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасында  2022-2023 оқу   жылында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбындағы кітап көрмесі

        Кітапханада 15 желтоқсан күні «Тәуелсізідік  ұраным, таусылмайтын жыр- әнім» тақырыбында ұйымдастырылған поэтикалық марафонның мақсаты оқушыларға Отан, Тәуелсіздік туралы өлеңдермен таныстыру арқылы патриоттық тәрбие беру.


        Желтоқсан айында көркем еңбек пәні бойынша аудандық семинар өтілді, семинардың тақырыбына сай дәлізде «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.


       Мектеп кітапханасында 30 желтоқсан 2022 жылы «Қыста оқимыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты оқушылардың қысқы демалыс кезінде уақытын қызықты  және тиімді өткізу ұшін оқуға кітаптарды ұсыну. 


        Мектеп кітапханасында 30 желтоқсан 2022 жылы 1-4 сынып оқушыларымен «Қыста оқимыз» тақырыбында флешбук ұйымдастырылды. Флешбуктің мақсаты оқушылардың қысқы демалыс кезінде уақытын қызықты  және тиімді өткізу мақсатында оқуға кітаптарды ұсыну. 


        Кітапханада 5 қаңтар күні 4 сыныптар үшін «Жиренше шешен»  атты ертегін оқу мақсатында әдеби ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушыларға ертегіні рольдік оқу ұсынылды. Ертегіні оқу барысында оқиғаға қатысты оқушылар  таратылған суреттерді тауып көрсетті.


        Мектеп кітапханасында 30 желтоқсан 2022 жылы 5-6 сынып оқушыларымен «Қыста оқимыз» тақырыбындағы кітап көрмесінің таныстырылымы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты оқушылардың қысқы демалыс кезінде уақытын қызықты  және тиімді өткізу, үйде оқуға кітаптарды ұсыну. 



ҮІ. Ақпарат технологияларын ендіру

Кітапханамыз мектеп кітапханаларына арналған мамандырылған MARC-SOL бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Ол бағдарламаға негізгі қор толық енгізіліп қойылған, жаңадан келген әдеби кітаптар дер кезінде енгізіліп отырылады.


ҮІІ. Кітапхана кеңесі мен активі

         Кітапхана жұмысын тіимді жүргізі үшін кітапхана кеңесін құрылған. Кітапхана кеңесі бес адамнан құрылған. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулингетов Б. кітапхана кеңесінің төрағасы. Кітапхана кеңесі кітапхана жұмысының барлық тармақтары бойынша жұмыс жүргізеді. Кітапхана кеңесінің кітапхананың жылдық жұмыс жоспарын құрастырып, талдап, тиімді іс-шараларды жоспарлады.

      Кітапханада 5-9 сынып оқушылар белсенділерінен кітапхана активі жасақталған. Кітапхана активі кітапханадағы барлық іс-шараларға белсене қатысып ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

ҮІІІ. Кітапхананың техникалық базасы

Кітапхана жұмысын тиімді жүргізу мақсатында интерактивный тақтаға сұраныс жасалды.



Мектеп кітапханашысы                           И.Розиева

Мекен жайымыз
Панфилов ауданы, көшесі, үй

Маңызды ресурстар
  • Президент
  • Білім және ғылым министрлігі
  • "b-title">"Tilqural.kz"Қазақ тілін үйрену "b-title">"Abai.institute" "b-title"Tilmediya .kz". "b-title"Balatili.kz". "b-title"Emle.kz"Сөздік қорды байыту "b-title"Termincom.kz" "b-title"Sozdikqor.kz" "b-title"Qazcorpora.kz" "b-title"Qujat.kz"<Барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру "b-title"Atau.kz"Жер -су атаулары "b-title"Qazlatyn.kz"Еліміздегі латын графикасына көшу "b-title"Tilalemi.kz"Тіл саласы
  • Электрондық үкімет
©2016-2022, Ресми сайт Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің "Дихан – Қайрат орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru